Журналист мемлекет басшысынан «Президенттің өкілеттері азайып, парламентке берілсе, Қаңтар оқиғасы сияқты мемлекеттің тағдыры шешілер сәтте дер кезінде шешім қабылдауға кесірі тимей ме?» деп сұрады.
Президент мемлекет басшысы ретінде әрбір тәсілді қолдануға құқылы. Сондықтан ешқандай текетірес жоқ. Ең алдымен парламент пен президенттің арасындағы тепе-теңдік, баланс болуы керек. Сондықтан бұл демократияның бір көрінісі деп ойлаймын. Президентке ешқандай тосқауыл болмайды. Жалпы айтқанда, Қаңтар оқиғасы біздің елімізде қайталанбайды, бұл мәселе бойынша ешқандай күмәнім жоқ, — деп жауап берді президент.
