Алматыда тоғыз қабатты үйден өрт шығып, 65 адам эвакуацияланды

Әлеуметтік желілерде көп қабатты үйдің жоғары жағын қара түтін басқан видео тарады.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің бірнеше өрт сөндіру бөлімшесі шыққан. Өрт сөндірушілер жетінші қабаттағы 10 шаршы метр лоджия жанып жатқанын анықтаған. Өрт 8-9 қабаттарға жетуі мүмкін еді. Жанып жатқан үйден 7 адам құтқарылып, 65 адам эвакуацияланған. Ал өрт 15:02-де сөндірілген,- делінген хабарламада.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынады: электр құралдарын қараусыз қалдырмау, балконда темекі шекпеу және жанғыш заттар мен материалдарды қоқысқа тастамау.