Министр: Мәжіліс депутаттарының 30% халық сайлайды

Қазақстандықтар парламент мәжілісі депутаттарының 30% тікелей дауыс беру арқылы сайлайды. Бұл туралы әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді.

Бұған дейін суперпрезиденттік қағидасы туралы айтылды. Енді ықпалды парламент түсінігіне келсек, бұл жерде депутаттарды сайлау жүйесін енгізу туралы айтуға болады. Қазір мәжіліс депутаттары партиялық негізде сайланады. Ендігі уақытта мәжіліс депутаттарының 30% өңірдегі қазақстандықтар сайлайды. Қалған 70% партиялық негізде сайланады. Сонымен қатар депутат сайлауалды уәдесі мен міндетін орындамаған жағдайда сайлаушылар даусын кері қайратып алады. Яғни депутаттық мандаттан айрылады, — деді Қанат Мусин орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, өзгеріс пен жаңашылдық сенатқа да қатысты.

Сенаттағы президент тағайындайтын 15 депутаттың саны 10-ға кемиді. Оның бесеуін президент ұсынса, қалған депутаттар Қазақстан халқы ассамблеясының ұсынысы бойынша тағайындалады. Одан бөлек, парламентке конституциялық сотта, жоғары сот кеңесінде жоғары лауазымды адамдарды тағайындауға келісім беру, адам құқықтары жөніндегі уәкілді ешкімнің тиіспеуі құқығынан айыру туралы мәселені шешу және мәжілістің жылына екі рет жоғары төрелік палатаның төрағасын тыңдауы жөнінде қосымша өкілеттер беріледі. Мұндағы мақсат -парламенттің рөлін күшейтіп, ықпалын арттыру, — дейді министр.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз