Алматыда Pfizer-ді ақылы түрде салу қарастырылып жатқан жоқ

Pfizer вакцинасы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі оны ақылы түрде жеткізу мәселесін қарастырған болатын. Ол үшін қажетті келіссөздер жүргізілді. Бірақ бүгінде бұл мәселе қарастырылып жатқан жоқ. Бас мемлекеттік санитар дәрігердің кейінгі қаулысында және біздің қаулыда да атап өттік. Яғни Pfizer-ді медицина қызметкерлері және 60 жастан асқандар ревакцинация үшін қолдана алады. Ал Pfizer-ді ақылы түрде салу мәселесі қаламызда қарастырылып жатқан жоқ, — деді спикер онлайн-брифинг барысында.

Сонымен қатар, ол қолда бар вакциналар Pfizer-ден кем емес екенін атап өтті.

Қазір «омикрон» штамына байланысты эпидемиология ахуалы нашарлады. Сондықтан Pfizer екпесін күтудің қажеті жоқ. Біздегі вакцинаны алу керек. Қолда бар вакциналар Pfizer-ден кем емес,- дейді Қарлығаш Әбдіжаббарова.