Жандос Бүркітбаев: Коронавируспен ауырғандардың 95%-і екпе алмағандар

Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу жалғасып жатыр. Елімізде вакцинаның 1-компонентімен халықтың 78,6%-і, екінші компонентпен 74,4%-і егілді, — деді Жандос Бүркітбаев.

Оның айтуынша әлемде аурудың өсуін және омикрон штамының кең таралуын ескере отырып, елімізде вакцина салу қарқынын арттыру қажет.

Вакцина салудың тиімділігі дәлелденген. Науқастардың 95%-і, өкпені желдету аппаратында жатқан науқастардың 96%-і — екпе алмаған адамдар. Отандастарымды вакцинация және ревакцинация алу туралы дұрыс шешім қабылдауға шақырамын, — деді Жандос Бүркітбаев.