Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары төлқұжатын қалай рәсімдей алады?

Егер сіз шетелде оқып, жұмыс істеп немесе өмір сүрсеңіз және сізге ҚР азаматының төлқұжатын алу немесе ауыстыру қажет болса, оған бола Қазақстанға келудің қажеті жоқ,- делінген хабарламада.

Ол үшін сол елдегі ҚР елшілігіне немесе консулдығына хабарласып, мына құжаттарды ұсыну қажет:

— өтініш;

— жеке басын куәландыратын құжат:

— төлқұжатты ауыстыру үшін — ҚР азаматының төлқұжаты;

— 16 жасқа толмаған болса — туу туралы куәлік, ата-анасының бірінің жеке басын куәландыратын құжаты мен екіншісінің нотариалды рұқсаты;

— өлшемі 3,5х4,5 түрлі-түсті 4 фотосурет;

— шетелде тұрақты тұру, оқу, шетелде жұмыс істеу, отбасы жағдайы, денсаулық фактісін растайтын құжат (түпнұсқа және көшірме);

— консулдық төлем түбіртегі.

Қызмет көрсету мерзімі — 80 күнтізбелік күн.