Жаңа роликтің режиссері қалыптасқан дәстүрді өзгертпей, жаңа бейнероликті ұялы телефон камерасына түсірді. Жанр өзгеріссіз қалды, бірақ «Ұстағыш» атты жаңа кейіпкер пайда болды.
«Алғыштар мен бергіштер» және «Алғыштар мен жалпылдағыштар» туралы бұрын түсірілген бейнероликтер әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырғаны белгілі.
Сонымен, жаңа кейіпкер де көрермендер арасында тез танымалдылық пен даңққа ие болды.
Кезекті роликпен сыбайлас жемқорлық мәселесіне назар аударып, оған мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға және азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын нығайтуға өз үлесімізді қосқымыз келеді, — деді Ақан Сатаев Instagram-парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Жануарлар әлемінде» бағдарламасы стиліндегі әзіл-сықақ әлеуметтік роликтің келесі сериясының жаңа кейіпкері кім болатыны қызық.
Бұл роликтер Алматының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қолдауымен дайындалған.
