Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қаулы бойынша, Қазақстан тағы бірнеше мемлекеттің коронавирусқа қарсы вакцинация паспортын жарамды деп таныды.
Аргентина Республикасында, Мажарстанда, Грузияда, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Молдова Республикасында, Сан-Марино Республикасында, Үндістан Республикасында, Филиппин Республикасында, Таиландта, Түркия Республикасында және Эстония Республикасында берілген азаматтардың вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын, — делінген құжатта.
Бұл мемлекеттердегі коронавирусқа қарсы вакцинация паспортының/сертификатының/анықтамасының үлгісін ведомствоның сайтынан көруге болады.
