Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 49 270 адам коронавирус инфекциясынан (–43 376 + және 5 894 КВИ-) емделіп жатыр, оның 8 485-і стационарда, 40 785 науқас амбулаториялық деңгейде.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 594 адамның жағдайы ауыр;
- 152 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 112 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар қайта көбейіп жатыр. Елімізде өткен тәулікте 1 699 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.
