Елімізде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Маңғыстау облысында солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, желдің күші 15-20 м/с артады.

Ақмола облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 23 м/с жетуі ықтимал.

Нұр-Сұлтан қаласында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман басады.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында және шығыс бөлігінде 15-20 м/с күшпен жел соғады.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады. Қостанай облысының солтүстік-батысында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болжанып отыр.