Ақтауда 15 миллион теңгеге пластик гүлдер отырғызылды

Шенеуніктер «Ынтымақ» алаңындағы көгалдың жасанды гүлдерін «Гүл алқабы» деп атады.

Әкімдікте хабарлағандай, сәндік жарықтандыру жұмыстарын Clever media group ЖШС жүргізеді. Онымен қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі 16 қыркүйекте келісімшарт жасасқан.

9df4629b6a318d2ebd95c3da7f2d88e2 Ақтауда 15 миллион теңгеге пластик гүлдер отырғызылды
Фото: Lada.kz

«Гүл алқабы» инсталляциясының ауданы 200 шаршы метрді құрайды. Жобаның құны − 15 404 000 теңге. Болжамға сәйкес қалада 20 қазанға дейін жұмыс аяқталады.