Бақытжан Сағынтаев ірі көлік жолайрықтарының құрылысын жеделдетуді тапсырды

«Әуежай айналымында» төрт және алты жолақты қозғалысы бар үш деңгейлі жолайрығының құрылысы жүріп жатыр. Бүгінде Құлжа трактісі бойындағы ұзындығы 784 метр болатын екі эстакаданың бірінің құрылысы аяқталды. Қараша айында оның бойымен көлік қозғалысын ашу жоспарланып отыр.

Бұқтырма көшесі бойында 570 метрлік туннельдік өткел салынуда. Жер деңгейімен барлық оң жақты съездер, сонымен бірге «Алатау» шағын ауданы бағыты бойынша жолға шығу қарастырылған. Жолайрығы көлік ағындарының қиылысуын болдырмауға мүмкіндік береді.

Бақытжан Сағынтаев
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Құлжа трактісі бойындағы жолайрығының көлік өткізу қабілеті 15%-ке артады. Бұқтырма көшесі бойында – 30%. Түрксіб ауданы мен Алматы облысының қала маңындағы елді мекендерінің 350 мыңға жуық тұрғынының мобильділігі артады.

Бақытжан Сағынтаев Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің бойындағы көпірден тұратын барлық бағыттағы жол айрығының құрылыс қарқынын бағалады. Эстакаданың ұзындығы – 186 метр. Жекелеген бүйірлі съездер бойынша қозғалыс ашық. Эстакада құрылысын кешіктірген соңғы 2 учаске алынып тасталды. Соның арқасында құрылыс қарқыны артты. Нысанның дайындығы – 80%.

Көлік айрығы Рысқұлов даңғылында көлік өткізу қабілетін тәулігіне 80 мың автомобильге дейін, Емцов көшесіндегі өткізу қабілетін 40 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұдан өзге, Алматы әкімі Абай даңғылын үңгілеудің барысымен танысты. Момышұлы көшесінен Наурызбай ауданының әкімшілік орталығына дейін ұзындығы 3,5 шақырым учаске құрылысы жүріп жатыр. Әр бағытта қозғалыс үшін 3 жолақ, Әшімов көшесінің үстінен 400 метрлік эстакада, тротуарлар мен велосипед жолдарын салу қарастырылған.

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Нысанның дайындығы шамамен 85%-ды құрайды. Метрополитен желісінің үстіндегі 600 метрлік учаске аяқталғаннан кейін жыл соңына қарай жаңарған даңғыл бойынша көлік қозғалысын ашу жоспарланып отыр.

Наурызбай ауданы Таусамалы шағын ауданындағы Қонаев көшесін реконструкциялау аяқталды. Ұзындығы 1,2 шақырымдық жолды 2-ден 4 жолаққа дейін кеңейтеді, мұнда тротуарлар, веложолдар мен арық желісі болады. Дайындық – 90%. Асфальттың жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Бақытжан Сағынтаев жұмысты ағымдағы айдың соңына дейін аяқтауды тапсырды.