25 мыңға жуық қазақстандық вакциналаудан бас тартты

Вакцинадан бас тарту мәселесі әлі де өзекті. 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін вакцина салдырудан 24 976 адам бас тартты, олардың 58 проценті – жеке сенімдері бойынша, 23,2 проценті – діни сенімдері бойынша, 12,8 проценті – вакциналарға сенімсіздік салдарынан болса 6 проценті БАҚ-тағы теріс ақпаратқа сенгендер, – деді Алексей Цой Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Ведомство басшысы 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында вакцинадан бас тартудың 3 417 жағдайы тіркелгенін айтты.

Біз вакцинаға қарсы адамдарға тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз, осындай жұмыстардың нәтижесінде өз пікірін өзгерткен 197 вакцина салдырды, – деп қорытындылады денсаулық сақтау министрі.