Биыл Президенттік жастар кадр резервінің іріктеу кезеңіне қанша адам қатысты?

Бұл туралы Мемлелекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2021 жылғы Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің «қабілеттерді тестілеу» кезеңінің мәтіндік тестілеу қорытындысы бойынша 8 және одан да жоғары балл жинаған  үміткерлер келесі кезеңге өтті. Олардың нәтижелері туралы ақпарат 2021 жылғы 4 қазан күнінің соңына дейін pk.rezerv.gov.kz  платформасындағы әрбір үміткердің жеке кабинеттеріне жолданады, — делінген хабарламада.

Ал, 2021 жылғы 6 қазан күні Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің екінші кезеңінде үміткерлер сандық тестілеуден өтеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері агенттігі  2021 жылы Президенттік жастар кадр резервіне екінші іріктеуді жүзеге асыруда.  Іріктеудің қорытындысы бойынша мемлекеттік сектор үшін 50 резервші алынады.

Президенттік жастар кадр резервінің мақсаты – қоғамдық мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды анықтау.

Іріктеуге осы жылы 8 638 адам тиісті құжат тапсырып, тіркеуден өтті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да