Қазақстанда коронавирус жұқтырған 1 086 адамның жағдайы ауыр

Елімізде коронавирус инфекциясынан 35 адам, ал коронавирус белгілері бар пневмониядан жеті адам қайтыс болды.

28 қыркүйектегі мәлімет бойынша 62 662 адам коронавирус инфекциясынан (53 945 + және 8 717 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 10 849 пациент стационарда, 51 813 науқас амбулатория деңгейінде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 868 адамның жағдайы ауыр;
• 218 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 139 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

db9c426aac4f57f7cbbe3e11fe0e3e61 Қазақстанда коронавирус жұқтырған 1 086 адамның жағдайы ауыр

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 880 709-ға жетті, 815 664 адам жазылып шықты.