«Сенсация жасады». Президент футзалдан Қазақстан құрамасын құттықтады

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, керемет сенсация жасады. Құтты болсын! Алдағы ойындарына да сәттілік тілеймін!, — деп жазды президент Twitter-парағына.

Футзалдан әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан құрамасы Иранмен ойнап, 3:2 есебімен жеңіске жеткен.

Енді қазақстандық спортшылар финалға шығу үшін 30 қыркүйекте Португалия құрамасымен сынға түседі. Тағы бір жартылай финалға шаққандар арасында Бразилия мен Аргентина бар.