Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды?

9 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда 6 969 069 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін салдырды, ал вакцинаның II компонентін салдырғандар саны 5 795 901 адамды құрап отыр, делінген хабарламада.

Вакциналау бойынша Алматы мен Түркістан облысы көш бастап тұр. Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаның бір компонентін 899 435 адам салдырған. Ал Түркістан облысында екпе алғандар саны – 783 761.

Ең төмен нәтиже Мағыстау облысында тіркеліп отыр. Өңірде 146 858 адам коронавирусқа қарсы екпенің бір компонентін, ал тек 114 921-і екінші компонентін ғана салдырған.

коронавирус
Сoronavirus2020.kz

Еске сала кетейік, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны көбейіп жатыр. Өткен тәулікте 4 106 адамнан коронавирус анықталды.