Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Арнайы операцияны Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы, Ақтөбе, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарының және Алматы аумағында ІІМ-нің арнайы мақсаттағы бөлімшелерін тарта отырып жүргізді. Қауіпті ұйымдасқан топ қызметінің жолын кесу жөніндегі арнайы операцияның барысын Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы үйлестірді, — делінген хабарламада
Тәртіп сақшылары ұйымдасқан қылмыстық топтың 28 қатысушысын ұстады, олардың 16-сы қамауға алды.
