Бұл туралы Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өртті сөндіруге 20 техника, 1 тікұшақ және жеке құрамнан 142 адам, оның ішінде Ақмола облысы ТЖД 5 техникасы және 51 адам, 6 техника және орман мекемелерінің 54 қызметкері, «Қазавиаорманқорғау» АҚ 1 тікұшағы, жергілікті атқарушы органдардың 7 техникасы және 33 адам және өртке қарсы құрылымдардың 2 техникасы мен 4 адам тартылды, — делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, өртті сөндіру қатты жел болуына байланысты қиындап кеткен. Алайда жедел іс-қимылдар мен құралдардың уақтылы жұмылдырылуы арқасында өрт 18 сағат 50 минутта оқшауланды, қазіргі уақытта қарауылдау жүргізіліп жатыр. Орман өртінің ауданы — 7 гектар.
Өрт шығуынаң алдын ала себебі – өртеу. Өрт болған жерде Зеренді аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы жұмыс істейді.
Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті орман алқаптарында өрт қауіпсіздігін сақтау қажет екені туралы ескертеді.

