Бұл туралы Нұр-Cұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
«Қою қызыл» аймақ – 18 шілде мен 2 тамыз аралығында Қазақстанның бес қаласы, оның ішінде Нұр-Сұлтан да кірген қауіп-қатер деңгейі өте жоғары аймақ. Енді инфекция стационарларының жүктемесі 69% болып, елорда қайтадан «қызыл аймаққа» өтті, — деді қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.
Елімізде бір тәулікте 7 769 адам коронавирус жұқтырды. Коронавирус жұқтырғандар саны 618 513-ке жетті.
