Президент Алматыдағы фонтаннан адамдарды құтқарған студентті марапаттады

Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желілердегі парақшасында хабарлады.

Мемлекет басшысы адамдардың өміріне қатер төнгенде көрсеткен асқан ержүректігі мен батылдығы үшін Қаныш Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті Абылай Балапановты Құрмет грамотасымен марапаттады. Абылай Балапанов өткен демалыс күндері Алматыдағы субұрқақтардың бірінде тоқ соғып, зардап шеккен әйел мен екі баланы құтқарып қалған, — деп жазды Берік Уәли.

Еске салайық, 19 маусымда Алматыдағы цирк ғимараты маңында орналасқан фонтанда бір ересек адамды және екі баланы тоқ соқты. Зардап шеккен азаматтарды 19 жастағы Абылай Балапанов құтқарып қалды. Ол оқиға болған кезде сол маңда кітап оқып отырған.

Кейін студент өзін батыр деп есептемейтінін айтты. Абылайдың сөзінше, оның орнында болған кез келген адам осылай істеуі керек.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да