Нұрсұлтан Назарбаев көші-қон комитетін құруды тапсырды

Бұған дейін бұл мекеме жай ғана көші-қон полициясы болатын. Енді комитет деңгейіне дейін көтеріліп, ішкі миграцияны қазіргіден де қатаң бақылауға алмақ. Қосымша штат ашылып, қызметкерлерінің саны да өседі.

Бұл ведомство, 10 күн ішінде тіркеуге тұрмағандарға қарсы күрес жариялағанын айта кетейік. Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінің жанынан құрылатын комитетке елбасы 1 сәуірге дейін жаңа көші-қон бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

Бұған дейін тіркеуге тұрмаған азаматтарға 7 қаңтардан бастап айыппұл салынатынын хабарлаған едік.

ДереккөзКТК

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да