Жаңа қаулы: Қазақстанға Үндістаннан келгендер 14 күнге оқшауланады

Құжатқа сәйкес, коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар да, COVID-19 инфекциясының бар-жоғын анықтау үшін ПТР-тест тапсырғандар да екі апта үй карантинінде болады.

Атап айтқанда, кейінгі 14 күнде Үндістанда болып, Қазақстанға келген адамдар екі апта үй карантинінде отыруы керек.

Үй карантиніне оқшаулау ПТР әдісімен Covid-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманың және коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырғанына қарамастан жүргізіледі, – делінген құжатта.

Жаңа қаулының толық мәтінін мына сілтеме бойынша оқуға болады. Айта кетейік, құжат 5 маусым сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да