Атырау облысы коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа оралды

Қазіргі уақытта Атырау облысында коронавирус жұқтырған науқастар саны көбейіп жатыр. Сол себепті өңір «қызыл» аймаққа қайта кірді. Кейінгі тәулікте мұнда 101, бүгінге дейін барлығы 13 991 адамнан коронавирус анықталды.

«Сары» аймақта Нұр-Cұлтан мен Алматы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстары бар.

Қалған өңірлер «жасыл» аймақта.

b3eeedfdbb67c63e18bb9677d21a8837 Атырау облысы коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа оралды

Еске салайық, мұның алдында Қазақстанда «қызыл» аймақта бірде-бір облыс жоқ екені хабарланған еді.