Қазақстанда тағы 165 адам коронавирус жұқтырды

Өзге өңірлермен салыстырғанда Алматы мен Шығыс Қазақстан облысында COVID-19 жұқтырғандар саны көп. Мұнда 26 науқастан тіркелді. Ал Қызылорда облысында кейінгі тәулікте бірде-бір адамнан инфекция табылмады.

Өңірлерде бүгінге дейін және бір күнде тіркелген дерек саны:

Алматыда — 14 170(+26);
Нұр-Сұлтанда — 13 798(+14);
Атырау облысында — 10 883(+9);
Қарағанды облысында — 10 035(+19);
Шығыс Қазақстан облысында — 8 114(+26);
Батыс Қазақстан облысында — 6 732(+10);
Шымкентте — 5 171(+2);
Алматы облысында — 4 891(+2);
Жамбыл облысында — 4 071(+3);
Солтүстік Қазақстан облысында — 3 906(+12);
Павлодар облысында — 3 814(+7);
Қостанай облысында — 3 383(+10);
Ақмола облысында — 3 367(+9);
Маңғыстау облысында — 3 333(+3);
Түркістан облысында — 3 297(+11);
Қызылорда облысында — 3 231(+0);
Ақтөбе облысында — 3 212(+2).

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 105 408-ге жетті, 95 253 адам жазылды, 1 563 науқас қайтыс болды.