Қазақстанда коронавирус жұқтырған 306 науқастың жағдайы ауыр

Олардың жалпы саны — 306. 265 науқас ауыр жағдайда, 41 науқас өте ауыр жағдайда жатыр. Коронавирус инфекциясын жұқтырған 67 науқас жасанды тынысалу аппаратына қосылған, 133 науқас инвазив емес жасанды тынысалу аппаратына қосылған, 106 науқас оксигенотерапия алып жатыр, 9 265 науқас өз бетінше демалады, — деді Тимур Cұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 1 674 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Ауру жұқтырғандар санының тәуліктегі өсімі 2,6% болды. Жаңа дерек Алматыда (219), Атырау облысында (218) көп тіркеліп отыр. Ең үлкен өсім Солтүстік Қазақстан облысында (5,1%) байқалды. Ал Шығыс Қазақстан облысында бір тәуліктегі өсім 3,9% болды.

Республика бойынша 25 688 науқас (оның ішінде 192 бала) ем қабылдап бар. Стационарда 9 966 науқас, амбулатория жағдайында 15 727 науқас бар.