Нұрсұлтан Назарбаев 2 медицина орталығы құрылысына қаражат бөлуді тапсырды

Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасы төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады. 

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі экономика дағдарысы қордың барлық компаниясына әсер еткенін айтты.

Ахметжан Есімовтің айтуынша, қордың компаниялар тобы қызметкерлердің қысқаруына жол берген жоқ, барлық кәсіпорын жұмысын жалғастырып жатыр.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Самұрық-Қазына» АҚ коронавирус пандемиясына қарсы күреске барынша атсалысу қажет екенін айтты.

Қорды басқару жөніндегі кеңестің төрағасы ретінде «Самұрық-Қазынаның» ішкі резервтерінен ірі мегаполистерде — Нұр-Сұлтан және Алматыда екі медицина орталығы құрылысына қаражат бөлуді тапсырамын. Медицина орталықтарының жұмысы ғылыми-зерттеу әлеуетті жұмылдыруға бағытталады. Бұл қадам келер ұрпақты ықтимал қатерлерден сақтап қалуға мүмкіндік береді. Үкімет пен әкімдер бұл бастаманы қолдайды деген сенімдемін, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.