Басты бетЖаңалықтар"7-20-25" талаптарына...

«7-20-25» талаптарына сай келетін 1500 пәтер жәрмеңкеге шығарылады

Алматыдағы «7-20-25» бағдарламасы талаптарына сай келетін 1500 пәтер #Еxpohomsters жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне қойылады.

«Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ сыртқы коммуникациялар департаментінің хабарлауынша, жәрмеңке 13-14 сәуір күндері Dostyk Plaza сауда — ойын-сауық орталығы ғимаратында өтеді.

Баспана базарына Алматыдағы 50 құрылыс компаниясы қатысады. Олар келген азаматтарға қолда бар тұрғын үйлер туралы, баспана бағасы мен оны «7-20-25» бағдарламасы арқылы сатып алу мүмкіндігі туралы толық ақпарат береді. Келушілер екінші деңгейлі банк өкілдері мен «Баспана» ипотекалық ұйымының мамандарынан да кеңес ала алады.

Біз Қазақстанның ірі қалаларында өтіп жүрген пәтер жәрмеңкелеріне екінші жыл қатысып отырмыз. Жәрмеңкелер өзінің тиімділігін дәлелдеді, олар сатушылардың, сатып алушылардың және банктердің бір алаңда бас қосуына жақсы мүмкіндік береді. Егер былтыр Алматыдағы жәрмеңкеге 35 құрылыс компаниясы қатысса, биыл олардың саны 50-ден асып отыр. Құрылысшылардың «7-20-25» бағдарламасына деген ынтасы артып отырғанын ескерсек, енді тұрғын үй кешендерінің дерекқорын жүйелі түрде жаңартып отыру қажеттілігі туындайды. Осы тұрғыдан мамандандырылған интернет-сервистердің үлкен қолдауын сезінеміз, — деді «Баспана» ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков.