Басты бетInstagramІnstagram-да Үкімет...

Іnstagram-да Үкімет басшысының атынан жалған аккаунт ашылған

Іnstagram-да Үкімет басшысы Асқар Маминнің атынан ашылған @mamin_online аккаунты жалған. ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі осындай мәлімдеме жариялады.

Осы мәлімдеме арқылы Іnstagram әлеуметтік желісіндегі mamin_online аккаунты жалған екенін хабарлаймыз. Тіркеу жазбасының қолданылуын тоқтату бойынша сәйкес шаралар қабылданды, — деп мәлімдеді Үкіметтің баспасөз қызметі.

Премьер-министрдің баспасөз қызметі бұқаралық ақпарат құралдары мен Instagram әлеуметтік желісінің қолданушыларынан Қазақстан Премьер-министрінің Primeminister.kz ресми сайтында және оның Facebook, «ВКонтакте», Twitter, Periscope, «Одноклассники» әлеуметтік желілері мен YouTube ресми арнасындағы нақтыланған аккаунттарында орналастырылған ақпаратты ғана пайдалануды сұрайды.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Асқар Маминнің атынан ашылған @mamin_online жалған аккаунтына ә дегеннен 1500-ден астам қолданушы жазылып үлгерген.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Іnstagram-да Қасым-Жомарт Тоқаевтың @tokayev_online ресми аккаунты бар екенін хабарлаған еді. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президенттің атынан ашылған басқа аккаунттар — фейк.