Басты бетУкраинадағы сайлауда...

Украинадағы сайлауда Владимир Зеленский алда келеді

Украинадағы президент сайлауының бірінші турында шоумен Владимир Зеленский сайлаушылардың 30,18% дауысына ие болып, алда келеді. Петр Порошенко дауыстың 16,72%-ын, «Батькивщина» партиясының жетекшісі Юлия Тимошенко дауыстың 13,17%-ын иеленді.

Украина Орталық сайлау комиссиясы сайлау хаттамаларының 34,65%-ының қорытындысын шығарған. Украинада президент сайлауы 31 наурыз күні өтті. Еxit poll мәліметі бойынша сайлаудың екінші турына Владимир Зеленский мен Петр Порошенко шығып отыр. Владимир Зеленский дауыстың 29,25%-ына, Петр Порошенко 19,19%-ына, Юлия Тимошенко 13,75%-ына ие болған.

Бізге екінші турда кіммен бәсекеге түссек те, бәрібір. Бірақ ешқандай уағдаластықтар мен бірігуді жоспарлап отырған жоқпыз. Біз, жастар, өткен кезеңдегіні келешегімізде, еліміздің келешегінде көргіміз келмейді, — деді Владимир Зеленский Еxit poll мәліметі жөнінде түсінік бергенде.

Украина Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлаудың алғашқы турында кандидаттардың ешқайсысы жеңіске жетуге қажет дауысты жинаған жоқ. Екі үміткер сайлаудың келесі кезеңінде жеңіске жетуге дайын екенін мәлімдеді.

ДереккөзTengrinews.kz