Мәдина Әбілқасымова және тағы бірнеше адам жаңа лауазым иеленді

Қазақстан Президенті Бас прокуратура басшылығында, Ұлттық банк пен Ұлттық экономика министрлігінде кадрлық өзгеріс жасады.

Мәдина Әбілқасымова
Мәдина Әбілқасымова. Фото: Тұрар Қазанғапов

Қасым-Жомарт Тоқаев 28 наурыз күні бірнеше адамды жаңа қызметке тағайындады.

ҚР Президенті сайтының мәліметінше, Мемлекет басшысының өкімімен Берік Асылов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының өкімдерімен Есжан Біртанов ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары, Мәдина Әбілқасымова ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары, Нұрлан Алдабергенов ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жанат Құрмановты Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметінен және Арман Жұмабековті Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатты.

Еске салайық, 12 наурыз күні Мәдина Әбілқасымова Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған еді. Оған дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып қызмет етті.