Қазақстан Президенті, Қорғаныс министрлігі басшылығы мен ҚР Қарулы Күштерінің барлық жеке құрамы марқұмдардың отбасына қайғырып көңіл айтады. Қаза болған әскерилердің отбасына моральдық және материалдық көмек беріледі.

ҚР Қорғаныс министрлігі Қызылорда облысында әскери жаттығу кезінде тікұшақ апатынан қаза болған әскери қызметшілердің аты-жөнін жария етті.

27 наурыз күні әскери борышын өтеу барысында қаза тапқандар:

Майор Роман Костыгов, 26.04.1985

Майор Тимур Құдайбердиев, 17.09.1985

Лейтенант Аслан Айтбаев, 10.11.1994

Майор Данияр Қоңырбай, 10.11.1985

Майор Сабыр Тоқбаев, 15.12.1977

Капитан Сырым Мәселім, 11.12.1989

3-класс сержанты Қайрат Нұрсапанов, 08.10.1973

Аға сержант Мұрат Шәріпов, 04.01.1979

Кіші сержант Асхат Абдулманат, 21.09.1982

Ефрейтор Айдын Әбділдинов, 11.12.1978

Ефрейтор Қуаныш Сарқытбаев, 08.09.1986

Ефрейтор Өмірхан Қауқаев, 21.08.1990

Ефрейтор Мирас Жұматаев, 10.02.1991

27 наурызда “Алтын жебе” оқу-жаттығуы мен кешенді тексеруі барысында ҚР Қарулы Күштері тікұшағы Қызылорда облысында апатқа ұшырады. Ақтаудан шығып, Шымкентке бет алған тікұшақ құлап, жанып кетті. Төтенше оқиға салдарынан борттағы 13 әскери қызметшінің қаза болғаны хабарланды. Қазақстан Қарулы Күштерінің барлық жеке құрамы қайтыс болған жауынгер жолдастарының туыстары мен жақындарына терең күйзеліспен қайғырып көңіл айтты.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та тікұшақ апатынан қаза болғандардың отбасына зор күйзеліспен көңіл айтты.

“Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Мен тиісті мемлекеттік органдарға тікұшақ апатының себептерін зерттеп, қаза тапқандардың отбасына қажетті көмек көрсетуді тапсырдым, – делінген көңіл айту мәтінінде.