Талдау порталы сарапшыларының мәліметінше, тіркелген компаниялардың 277,5 мыңы жұмыс істеп тұр, бұл көрсеткіш 2018 жылдың ақпанымен салыстырғанда 9,1%-ға көп. Дегенмен жұмыс істеп тұрған шағын компаниялар саны соңғы үш жылдан бері осы 8-9%-дық өсім деңгейінде тұр, оған дейін бұл көрсеткіш 13-14% болған.
Жұмыс істеп тұрған шағын компаниялардың 56%-дан астамы белсенді. Мұндай компаниялар негізінен сауда және көлік жөндеу саласында көп — барлық белсенді кәсіпкерліктің 23,7%-ы. Белсенді шағын компаниялар көп шоғырланған келесі салалар — құрылыс және білім беру.
Белсенді шағын компаниялардың саны жөнінен Алматы бірінші орында: 36,6 мың — 2018 жылдың ақпанымен салыстырғанда 14,8%-ға көп. Екінші орында — Нұр-Cұлтан: 24,8 мың — бір жылда 40,4%-ға артқан. Үшінші орында — Қарағанды облысы: 40,4 мың — бір жылда саны көбеймеген, керісінше, 1,6%-ға азайған.
Республика бойынша шағын кәсіпорындар санының ең көп азаюы Жамбыл облысында тіркелген: 4,3 мың — бір жылда 0,4%-ға қысқарған.