Биыл Жамбыл облысында 1000-ға жуық жұмыс орны ашылады

Бұл кәсіпорындарда 947 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингте облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова айтты.

Гүлдана Әлімжанқызының ақпараты бойынша, өткен жарты жылда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика қалыптасты. Бірінші тоқсанның қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемі 265 миллиард теңгені құрап, 8,4 пайызға өсті.

Сонымен қатар өнеркәсіп саласында оң динамика қалыптасуына индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған кәсіпорындар да өз үлесін қосып жатыр. 2018 жылдың 6 айында бұл кәсіпорындар 13 миллиард теңгенің өнімін өндірген.

ДереккөзInform.kz