Өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, оңтүстікте найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл тұрады.

«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, Ақмола облысында тұман түседі, көктайғақ болады, 15-20 м/с жел соғады. Қызылорда облысында найзағай ойнайды, нөсерлі дауыл тұрады, тұман түседі, жел күшейеді. Түркістан облысында найзағай ойнайды, жел 15-20, екпіні 25  м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді. Жамбыл облысында тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі, көктайғақ  болады. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Атырау облысында  тұман түседі, Қостанай облысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Алматы облысының Жалаңашкөл көлі аумағында екпіні 29 м/с-ке дейін жететін жел соғады. Қостанай облысында тұман түседі, жаяу бұрқасын мен 17-22 м/с жел соғады. Ақтөбе ​​облысында тұман түсіп, жаяу бұрқасын мен 15 м/с жел соғады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарында қардың еруінен өзендердің деңгейі көтеріледі. Қызылорда облысында жайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды.