Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің есеп беру кездесуін көзбояушылық деп атады

Түркістан жұртшылығымен кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің халық алдында есеп беру жиындарының қазіргі форматын сынға алды. Ақорданың Twitter-дегі парақшасы Президенттің сөзін жариялады.

Қоғамдағы әділеттілік ең алдымен атқарушы билікке байланысты. Үкіметтің, министрлердің, барлық деңгейдегі әкімдердің, полицияның, прокуратураның, соттардың басты мақсаты — азаматтардың құқығын қорғау. Мұндағы менің басты ұстанымым анық, айқын. Бұл — заңның үстемдігі. Заңнан жоғары ешнәрсе болмауы керек. Орталық және жергілікті органдардың басшыларына қатысты орынды шағым түскен жағдайда олардың бәрі жазаланады. Сондықтан басшылар халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі қажет. Жылына бір рет ұйымдастырылатын есеп беру кездесулері — көзбояушылық. Халықпен күн сайын бірге болып, қоян-қолтық жұмыс істеуі керек. Жемқорлықпен күрес күшейе түседі, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.