Басты бетЖаңалықтарАстанаға Нұрсұлтан...

Астанаға Нұрсұлтан атауын беру үшін Конституцияға өзгеріс енгізу қажет

ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев Қазақстан астанасына «Нұрсұлтан» атауын беру үшін Конституцияға өзгеріс енгізу қажет болатынын айтты.

Астананың атауы Конституцияда анықталып, бекітілген. Тиісінше барлық процесс Конституция нормаларымен реттеледі. Барлық өзгеріс белгіленген тәртіппен енгізіледі. Ол нормаларды мұқият оқу керек, — деді Әділет министрі.

Ол Конституцияға бұған дейін де өзгеріс енгізілгенін еске салды.

Конституцияға өзгеріс енгізу процедурасы қолданылуы керек. Біз тарихқа жүгініп, Конституцияға қалай өзгеріс енгізілгенін қарай аламыз, сөйтіп тиісті қорытынды жасай аламыз. Тәжірибеге қарау керек. Процедуралар нормативтік актілермен анықталған. Бұл саясаттанушылардың және осындай болжамдар мен талқылаулар жасаушы сарапшылардың жұмысы болса керек, — деді Марат Бекетаев.

Әділет министрі Қазақстан астанасына Тұңғыш Президент есімін беру туралы ұсынысты қолдайтынын айтты.

Айта кету керек, Қазақстан Конституциясында ҚР Президенті өкілеттігіне ие адамның ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастама көтеруге құқылы емес екені жазылған.

Астанаға «Нұрсұлтан» атауын беру туралы ұсынысты 20 наурыз күні ҚР Президенті ретінде Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берген Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан еді. Парламент палаталарының бірлескен отырысында ол облыс орталықтарындағы негізгі көшелерге Тұңғыш Президент есімін беруді және Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап монумент салуды да ұсынды.

ДереккөзInformburo.kz