Ғизат Нұрдәулетов Қазақстанның Бас прокуроры болып тағайындалды

Нұрсұлтан Назарбаев Ғизат Нұрдәулетовті Қазақстан Республикасының Бас прокуроры қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

Ғизат Нұрдәулетов
Ғизат Нұрдәулетов. Фото: "Нұр Отан" партиясының баспасөз қызметі

Қазақстанда жаңа Бас прокурор тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасының Бас прокуроры болып тағайындалсын, – делінген Президент жарлығында.

Ғизат Нұрдәулетов бұған дейін ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары болған, ол енді бұл қызметті 2017 жылдың 11 желтоқсаннан бастап атқарған Қайрат Қожамжаровты алмастырып отыр.

Ғизат Нұрдәулетов 1964 жылы Алматы облысында туған. 90-жылдардан бері прокуратура, мемлекеттік тергеу комитеті, ұлттық қауіпсіздік қызметі органдарында қызмет еткен.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!