Халықаралық электр байланысы одағының есебіне сәйкес, Жер тұрғындарының 95%-ы қозғалмалы ұялы байланыспен қамтамасыз етілген. Одақтың болжамы бойынша 2015 жыл соңына дейін әлемдік желіге қосылу 46%-ды құрайды.
Есепке сәйкес, дамыған елдердің 81,3%-ы интернетпен қамтылған. Ал дамушы елдерде бұл көрсеткіш 34,1%-ды құрайды. Даму қарқыны мүлде бәсең мемлекеттердің 6,7-ы желімен қамтамасыз етілген.
Құжатта елдердің Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша даму индексі де көрсетілген. Рейтингте Оңтүстік Корея көш бастап тұр. Ал Дания, Исландия, Ұлыбритания, Швеция елдері алғашқы бестікке енген. Қазақстан 166 елдің арасында 53 орынды иеленді.