Мазмұнға өту
Басты бет / Таным /

Наурыз көже ұлттық тағамын қалай жасаймыз?

Наурыз көже ұлттық тағамы.

Түрік халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан Наурыз көжеге жеті дәм қосылады. Ата-бабаларымыздың айтуы бойынша бұл күні Наурыз көжені тойып ішкен адам жыл бойы молшылық пен тоқшылықта болады.

Наурыз көже дайындау үшін бізге:

— Су

— Сүрленген ет / қазы

— Жүгері жармасы

— Бидай жармасы

— Тары жармасы

Наурыз көже үшін тары жармасы

— Айран

Наурыз көз үшін айран

— Тұз

Тұз

Наурыз көжеге қосылатын бұл 7 дәм сәттілік, байлық, атақ, кемеңгерліктің белгісі болып табылады.

Етті қазанда қайнату

Көжені дайындау үшін алдымен сүрленген ет пен қазыны жақсылап жуып (қажетіңізше тұз қоссаңыз болады), 2-2,5 сағат қайнатып қоямыз.

Негізінен көжеге соғымнан арнайы сақталған сүр ет қосылады.

Ет пісіп жатқанда жүгері мен бидайды жуып, қалауыңызша тұз қосып 1 сағаттай қайнатамыз. 1 сағаттан кейін тары жармасын саламыз.

Тары жармасының тез пісетіндігін ескере отырып тарыны салғаннан кейін көжені 15 минуттай ғана қайнатамыз.

Піскен ет

Дайын етті майдалап тураймыз.

Сөйтіп туралған етті сорпасымен бірге дайын көжеге араластырып, суытып қоямыз.

Наурыз көже

Салқындаған көженің үстіне айран құямыз.

Наурыз көже дайын!

«Наурыз» мейрамының басты ерекшелігі бұл күні барлық адамдар өздері ренжіген адамдарды кешіріп, өзінің туған-туысқандары мен жақындарына, айналасындағы адамдарға барынша мейірімділік танытуы қажет. Сондай-ақ егер адам жеті үйден жеті дәмнен дайындалған Наурыз көже ішіп шықса жаңа жыл ол адам үшін сәтті болады деген сенім бар.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз әр шаңыраққа береке, байлық алып келсін!

Наурыз көже ұлттық тағамы.

Наурыз көженің видео-нұсқасы:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version