Алматыда биылғы Құрбан айт мерекесі қарсаңында құрбан шалуға арналған 12 арнайы орын белгіленді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қаланың бас имамы Төлеби Оспанның айтуынша, құрбандық шалу рәсімдерін ұйымдастыру үшін қала аудандарында арнайы орындар дайындалған. Аталған орындарда мешіт қызметкерлері жұмыс істеп, құрбан шалудың діни талаптарға сай орындалуын қадағалайды.
Құрбан шалуға арналған орындар:
Алатау ауданы:
• «Мырзахмет» мешіті — Қарасу шағынауданы, Солтүстік айналма көшесі, 15;
• «Алғабас» мешіті — Алғабас шағынауданы, Ақбөпе көшесі, 6;
• «Әл-Әзим» мешіті — Азат көшесі, 20а;
• «Нұр» мешіті — Ұйғыр көшесі, 16/1.
Бостандық ауданы:
• «Бақыткелді» мешіті — Хан-Тәңірі шағынауданы, Дулати көшесі, 27/11.
Медеу ауданы:
• «Омар ибн әл-Хаттаб» мешіті — Жуков көшесі, 136а;
• «Аманқұл ата» мешіті — Т. Бигелдинов көшесі, 5;
• «Фатима» мешіті — Малая көшесі, 14;
• «Райымбек батыр» мешіті — Думан-1 шағынауданы, Хан Тәңірі көшесі, 15;
• «Арафат» мешіті — Ибрагимов көшесі, 5а.
Наурызбай ауданы:
• «Қалқаман-2» мешіті — Қалқаман-2 шағынауданы, Аспандияров көшесі, 84.
Түрксіб ауданы:
• «Қайрат» мешіті — Қайрат шағынауданы, Сарымолдаев көшесі, 22.
Сонымен қатар тұрғындарға онлайн форматта құрбан шалуға мүмкіндік беретін qurban.muftyat.kz платформасы қайта іске қосылды. Сайт арқылы азаматтар құрбандық шалуға тапсырыс беріп қана қоймай, мұқтаж отбасыларға ет таратуға өтініш қалдыра алады.
Бас имамның айтуынша, қаладағы барлық 56 мешітте ет қабылдайтын және оны әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тарататын арнайы пункттер жұмыс істейді. Діни қызметкерлер тұрғындарды Құрбан айт кезінде санитарлық талаптарды сақтауға, құрбандық рәсімдерін тек белгіленген орындарда өткізуге шақырды.
Айта кетейік, биыл Құрбан айт 27, 28 және 29 мамыр күндеріне сәйкес келеді. Қазақстан бойынша Құрбан айт намазының кестесі жарияланды.

