Иорданиямен арада адамдарды ұстап беру туралы келісім ратификацияланды

Нұрсұлтан Назарбаев Иорданиямен арадағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек пен адамдарды ұстап беруге қатысты келісімдерді ратификациялау туралы бірнеше заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, — делінген хабарламада.

Сонымен бірге Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы адамдарды ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңдарға да қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.