“Қазпошта” мамандарының мәліметінше, барлық сәлемдеме штрих-кодпен жүреді. Ондағы әрбір цифр – ақпарат. Сол нөмірді сайтқа жазу арқылы тапсырыс берген адам кез келген уақытта сәлемдеменің қайда түскенін, қай жерде сақталып тұрғанын, кім алғанын көре алады.

Сондықтан жөнелткен заттар жоғалмайды, – дейді мамандар.

Егер сіз сәлемдеменің қайда екенін білгіңіз келсе, Post.kz сайтына кіріп, түбіртекте жазылған штрих-кодты (RC123445678KZ) теру арқылы оның қайда екенін анықтаңыз. Затыңыз иесіне жетпесе және “Қазпоштада” сақтаулы тұрмаса, ол жоғалды деген сөз.

Пошта екіге бөлінеді: қарапайым пошта және тапсырысты пошта. Қарапайым түрі пошта жәшігіне салынады, сондықтан оның жоғалып кету қаупі басым. Себебі адам өз затын іздеп жүріп, біреудің сәлемдемесін байқаусызда алып кетуі мүмкін.

Жай поштамен келіп түскен сәлем-сауқатты бізге келіп түскен күні бірден тиісті мекенжайға жөнелтеміз. Сәлемдеменің бізге дейін жолға кеткен уақыты есептелмейді. Жай поштамен жөнелткен зат жоғалып кетсе, біз жауап бермейміз. Ал оны ешкім алмаса, бізде сақталып тұрады. Тапсырысты поштаны бізге келіп түскен күні иесіне жеткіземіз, алғаны туралы жеке қол қойғызамыз. Бірінші күні үйінде болмаса, хабарландыру қалдырамыз, бес күн өткеннен кейін қайта апарамыз. Тек екі рет тегін жеткіземіз. Екі рет жеткізгенде де сәлемдемені ешкім алмаса, сәлемдеме “Қазпоштада” 30 күн сақталады, – дейді “Қазпошта” өкілдері. 

Қазір “Қазпошта” цифрландырылған. Сәлемдеме алуы керек адамға жөнелтілген заттың қайда қалдырылғаны туралы хабарландыру бірден келіп тұрады. Бүгінде қаланың бірнеше жерінде Сәлемдемелер супермаркеті бар. Онда арнайы жәшіктер орналастырылған, клиент кез келген уақытта затын алып кете алады.

Жай поштамен жөнелтілген зат жоғалса, “Қазпошта” жауап бермейді. Ал тапсырысты поштамен жіберілген сәлем-сауқат жоғалып кетсе, мекеме қызметкерлері сол заттың құнын төлейді.

Тапсырысты поштамен жіберілген сәлем-сауқат жоғалып кетсе, мекеме қызметкерлері жоғалған заттың құнын өз қалтасынан төлейді. Нақты сомасын клиенттің өзі белгілейді, – дейді пошташылар.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!