Басты бетЖаңалықтарҚазақстан Республикасы...

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілді

Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциясының 44-бабының 3-тармағына сәйкес қаулысында Үкіметтің жаңа құрамы бекітілді.

Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов ‑ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов ‑ Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Дәурен Әскербекұлы Абаев ‑ Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі;

Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев ‑ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова ‑ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі;

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек ‑ Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі;

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов ‑ Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Арыстанбек Мұхамедиұлы ‑ Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев ‑ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев ‑ Қазақстан Республикасының Энергетика министрі;

Жасұзақов Сәкен Әділханұлы — Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

Асқар Мырзахметов — Премьер-министрдің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі;

Марат Бекетаев — Қазақстан Республикасының Әділет министрі болып тағайындалды.

Еске салайық, Кәрім Мәсімов ҚР ҰҚК төрағасы болып тағайындалды. Бақытжан Сағынтаев ҚР премьер-министрі, Асқар Мамин ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған болатын.