Өзбекстан президенті 4 желтоқсанда сайланады

Өзбекстан Конституциясы бойынша, президент сайлауы республика президентінің міндетін уақытша атқарушысы тағайындалғаннан кейін 3 ай аралығында өтуі қажет.

Қазіргі уақытта Өзбекстан Республикасы президентінің міндетін премьер-министр Шавкат Мирзияев уақытша атқарып отыр.

2 қыркүйекте Өзбекстан билігі президент Ислам Кәрімовтің қазасы жайлы хабарлаған болатын. 78 жастағы Ислам Кәрімов елді 1989 жылдан бері басқарған.