Биыл индустрияландыру бойынша 120-ға жуық жоба іске асырылады

Биыл Қазақстанда индустрияландырудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 120 жоба іске қосылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

2019 жылы 20 мың тұрақты жұмыс орнын аша отырып, сомасы 1,1 триллион теңге болатын 120-ға жуық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, — министр ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Іске асырылатын жобалардың қатарында Қарағанды облысындағы ТОО YDD Corporation серіктестігінің ферроқорытпа зауыты (құны 30,6 миллиард теңге), Ақтөбе облысындағы «Зерде-Керамика Актобе» серіктестігінің керамика-гранит пен керамика плитасын өндіретін зауыты (құны 6,9 миллиард теңге) бар.

Жеңіс Қасымбек мемлекеттік бағдарлама іске асырылғалы бері 7,9 триллион теңгеге 1 250-ден астам жоба қолға алынып, 120 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылғанын айтты. 2018 жылы 100-ден астам жоба іске асырылған, жалпы құны — 1,3 триллион теңге. 13 мыңнан астам жұмыс орны ашылған.