Тест: Сізге психологқа көріну қажет пе, жоқ па?

Уақыт өткен сайын адамдардың психологқа деген көзқарасы өзгеріп келеді. Дегенмен көпшілік ол маманның көмегіне қай кезде жүгіну керек екенін білмей жатады. Бұл тест сіздің психологқа баруыңыз керек пе, жоқ па, соны анықтап береді.

0%

Пайдасыз, болмашы нәрселерге көп бас қатырасыз ба?

Күйзеліске жиі түсесіз бе?

Үнемі шаршап, көңіл-күйіңіз болмай, енжарлықты сезінесіз бе?

Өміріңізде пайда болған мәселе қаншалықты тез шешіледі?

Жиі жылап, көңіл-күйіңіз күрт өзгере ме?

Өміріңізде күрделі шешім қабылдауды талап ететін мәселе кездесе бере ме?

Сізде әлденеден қорқыныш бар ма? Жиі ашуланасыз ба?

Тест: Сізге психологқа көріну қажет пе, жоқ па?
Қазір өміріңізде болып жатқан қиындықтарды өз бетіңізбен шеше аласыз. Сізге әзірше психологқа барудың қажеті жоқ.

психология норма

Психологтардың пікірінше, адамның мінезі 7 жасына дейін қалыптасады. Одан кейінгі кезеңдерде болатын қиындықтарды өз миымен немесе ата-анасынан алған тәрбиенің көмегімен шешеді. Егер адам мәселенің неден екенін және жағымсыз энергиядан құтылудың жолын өзі білсе, маман көмегіне жүгінудің қажеті жоқ.

Қажет емес. Сіздің психикаңыз қалыпты жағдайда!

психология норма

Адам робот емес. Сондықтан шаршау, енжарлық, көңіл-күй мен кейде жұмысқа деген ынтаның болмай қалуы - қалыпты жағдай. Егер бұл белгілер тынығып, демалғаннан кейін басылмаса, дәрігерге қаралған жөн.

Сізге ес жинау үшін психологтың көмегіне жүгіну керек.

психолог көріну керек

Адамда шаршау мен енжарлық екі аптадан аса уақытқа созылса, бір мәселе бар деген сөз. Мұндай жағдайда психологқа барып қана емес, медициналық тексеруден де өткен жөн. Бұл белгілер денсаулықта ақау барын білдіреді. Мысалы, қалқанша безі жұмысының бұзылуы. 

Жиі жылау мен көңіл-күйдің тез ауытқуы - адам бойында қандай да бір дискомфорт барының белгісі. Мұндай жағдайда тезірек маман көмегіне жүгіну қажет. Көңіл-күйдің күрт өзгеруін психиатрия саласы қарайды. Адамның қатты ашуланып тұрып, бірден қуанып кетуі - психикалық ауытқу белгілерінің бірі.

Адам миы кей оқиғаны қабылдай алмай жатады. Сондықтан онда бос кеңістік пайда болып, үнемі болмашы нәрсені ойлай беру әдетке айналады. Ми қабылдамаған мәселе кездескен сайын психикаға кері әсер етеді. Бұл мәселені де маманның кеңесімен шешкен жөн!

Әлеуметтік желіде бөлісу: