Еске сала кетейік, бұған дейін орта салмақтағы әлем чемпионы Келл Брук кәсіби карьерасында өткізген 36 жекпе-жегінде жеңіліп көрмеген, оның 25 нокаутпен ұтқан. Ал орта салмақтағы WBA, WBC және IBF белбеулерінің иегері, 34 жастағы Геннадий Головкин бүгінгі жекпе-жекпен қоса есептегенде өзінің 36 жекпе-жегін түгелдей ұтты, оның 33 нокаутпен жеңіске жетті.
Daily Star мәліметіне сүйенсек, Головкинге бүгінгі жекпе-жегі үшін 3 млн фунт стерлингтің (4 млн доллар) «чегі» табысталады. Бұл Головкиннің рекордтық гонарары. Бұған дейін кәсіпқой боксшы американ Домиником Уэйдпен және канадалық Давид Лемьемен өткізген жекпе-жегінде 2 млн доллар алған еді.
Айта кетерлігі, Геннадий Головкин секілді британдық боксшы да шаршы алаңда жеңіліп көрмеген. Ол осыған дейін бірінші орта салмақта жұдырықтасып келген, IBF чемпиондық атағына ие. 36 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның 25-де қарсыласын нокаутпен ұтқан.
Ал Головкин жалпы саны 35 кездесу өткізіп, оның барлығында жеңіске жетсе, 32 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған.
Брук салмақ өлшеу рәсімінде Головкиннен ауыр болып шыққан еді. Кездесу орта салмақ аясында өтетіндіктен, Головкинге IBO, IBF және WBC атақтарын қорғауға тура келді.