Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Геннадий Головкин мен Келл Брук айқасының нақты уақыты белгілі болды

Қыркүйектің 10-ынан 11-іне қараған түні Лондондағы О2 аренасында өтетін кештің басты жекпе-жегі Астана уақытымен сағат 03:30-ға жоспарланып отыр. Бұл туралы өзінің Twitter парақшасында белгілі ресейлік бокс комментаторы және тілші Григорий Стангрит мәлімдеді.

Айта кеткен жөн, соңғы салмақ өлшеу рәсімінде Головкин Бруктан жеңілірек болып шықты. Қазақстандық боксшының салмағы 158,9 фунт (72 келі 158 грамм), ал британдық боксшы 159,4 фунт (72 келі 302 грамм) тартты. Осылайша, екі боксшы да 160 фунтқа дейінгі орта салмақ лимитіне жатады, деп хабарлайды 24.kz.

2 комментария на «“Геннадий Головкин мен Келл Брук айқасының нақты уақыты белгілі болды”»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *