Зульфия Ғабидуллинаның қызы: Анамның табандылығына таң қаламын

Жетінші рекоды арқылы жамбылдық спортшы Паралимпиада ойындарында Қазақстан тарихындағы алғашқы медальды жеңіп алды. Чемпионнының қызы Руфия 11-сыныпта оқиды. Ол қуанышты хабар туралы тек таңертең ғана білген. Анасы оған чемпион болғанын смс хат арқылы жазып жіберіпті, деп жазады 24.kz

«Таңертең ерте мектепке баратын болғандықтан Паралимпиада ойындарын көре аламадым. Бірақ анам смс хат жазып жіберіпті. Жеңіс туралы есітігенде төбем көкке жетті. Ол бұл мақсатына жету үшін ұзақ жылдар бойы дайындалды. Оның табандылығы мен ерік-жігеріне таң қаламын. Мен анаммен мақтанамын», — дейді З.Ғабдуллинаның қызы.

Жетіншісін осы Бразилия еліндегі Паралипиада ойындарында қойып отыр. «Оның бұл жетістігі  — таза еңбек пен жеңіске деген ұмтылыстың көрінісі»,- дейді бірге жаттығып жүрген спортшылар.

50 жастағы споршының бұл соңғы өнер көрсетуі емес. Зульфия әлі жүзудің төрт түрі бойынша сынға түседі. Ендігі жарыс 10 қыркүйек күні 50 метр қашықтықта шалқалап жүзуден өтеді.

ДереккөзҚазАқпарат